Темiр спорт клубы

Қарағанды индустриялық университетінің студенттік спорт клубы

«Темір» студенттік спорт клубы университетте спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастыру және дамыту мақсатында студенттерді, магистранттарды, оқытушылар мен қызметкерлерді біріктіреді. Клуб футбол, баскетбол, волейбол, күрес, ауыр атлетика, үстел теннисі, шахмат және ұлттық ойындар секцияларын қоса алғанда, спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің заманауи түрлерін дамытады. Клуб қызметі салауатты өмір салтын қалыптастыруға және университеттің құрама командаларын әртүрлі деңгейдегі жарыстарға дайындауға бағытталған.

Навигация

График работы Документы

Колесникова Раиса Касымовна
Спорт клубының төрағасы, "Дене тәрбиесі" кафедрасының меңгерушісі

Колесникова Раиса Касымовна

Клуб төрағасы клубқа ағымдағы басшылықты және инновациялық спорттық тәжірибелерді енгізуді жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, факультет декандарының орынбасарлары, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару органдары клуб төрағасымен бірлесіп дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-тәрбие және wellness-қызметін ұйымдастырады және жүргізеді.

2025-2026 оқу жылына арналған спорт секцияларының сабақ кестесі

Секция атауы Өткізу орны ДС СС СР БС ЖМ СБ
1 Футбол Үлкен ойын залы (спорт кешені) 16:00-18:00 16:00-18:00 16:00-18:00
2 Баскетбол Үлкен ойын залы (спорт кешені) 16:00-19:00 16:00-19:00 16:00-19:00
3 Волейбол Кіші ойын залы (спорт кешені) 16:00-18:30 16:00-18:30 16:00-18:30
4 Күрес және дзюдо Күрес залы (спорт кешені) 16:00-18:00 16:00-18:00 16:00-18:00
5 Ауыр атлетика Жаттығу залы (спорт кешені) 16:00-19:30 16:00-19:00 16:00-19:30
6 Үстел теннисі; шахмат; дойбы; тоғызқұмалақ; Асық Теннис залы (спорт кешені) 16:00-18:00 16:00-18:00 16:00-18:00 16:00-18:00 14:00-16:00
Мақсаттары мен міндеттері

Цифрлық технологиялар мен интерактивті платформаларды пайдалана отырып, студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен университет қызметкерлері арасында спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру және wellness-қызметінің қазіргі заманғы нысандарын жандандыру және дамыту.

"Темір" студенттік спорт клубы келесі міндеттерді шешеді:

  • - Цифрлық технологиялар мен интерактивті платформаларды пайдалана отырып, студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен университет қызметкерлері арасында спорттық, дене шынықтыру-сауықтыру және wellness-қызметінің қазіргі заманғы нысандарын жандандыру және дамыту.
  • - "Темір" студенттік спорт клубы келесі міндеттерді шешеді:
  • - дене тәрбиесі мен спорттық педагогиканың заманауи әдістері арқылы болашақ маманның жеке басының жан жақты дамуына ықпал етеді;
  • - университет студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының, оқытушылары мен қызметкерлерінің физикалық өзін-өзі жетілдіруге, стресстің алдын алуға және өміршеңдігін арттыруға тұрақты қажеттілігін қалыптастырады;
  • - дене шынықтыруға, спортқа, салауатты өмір салтына, фитнестегі цифрлық сауаттылыққа және әлеуметтік белсенділікке мотивациялық-құндылық қатынасын дамытады;
  • - қатысушылардың денсаулығы мен психоэмоционалды жағдайын нығайтады, биологиялық, психикалық және әлеуметтік функциялардың үйлесімді бірлігін қамтамасыз етеді;
  • - гибридті сабақ форматтарын, VR/AR жаттығуларын, фитнес қосымшаларын және қашықтықтан челлендждерді қоса алғанда, спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін енгізеді.
Жалпы ережелер

"Темір" студенттік спорт клубы "дене тәрбиесі" кафедрасының базасына негізделген және университеттің студенттік сервистер жүйесіне біріктірілген университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2025 жылға арналған клуб қызметінің негізгі бағыттары:

  • - дене шынықтыру және спорт активінің ұйымдастырушылық жұмысы;
  • - цифрлық платформалар, әлеуметтік желілер және интерактивті іс-шаралар арқылы салауатты өмір салты мен спорт мәдениетін ілгерілету;
  • -фитнес-геймификация элементтері бар спорттық-бұқаралық іс-шараларды, жарыстар мен челлендждерді өткізу;
  • - эспорт пен фитнес-бағыттарды қоса алғанда, қазіргі заманғы және дәстүрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру және олардың жұмыс істеуі;
  • - ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу үшін университеттің құрама командаларын даярлау;
  • -заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және рекреациялық қызметті ұйымдастыру;
  • -студенттердің күнделікті өміріне фитнес-бағдарламалар мен wellness - іс-шараларды, соның ішінде жатақханалардағы спорттық бастамаларды енгізу;
  • - университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған корпоративтік спорт пен wellness бағдарламаларын дамыту.

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU