Студенттік парламент — студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын және олардың университетті басқару үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін студенттік өзін-өзі басқару органы. Парламент оқу, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық өмірге қатысты мәселелерді шешуге қатысып, студенттік бастамалар мен жобаларды қолдайды. Өз қызметінде Студенттік парламент тұрақты даму, әлеуметтік жауапкершілік және студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.