Гранттарды міндетті жұмыспен өтеу

Қарағанды индустриялық университеті

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмыспен өтеу және жұмыс өтелмеген жағдайда олардың оқуына бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушінің «Қаржы орталығы» АҚ-ға келісімін беру («511») немесе келісім беруден бас тарту («512») туралы ұсынысты қамтитын «1414» байланыс орталығынан келген SMS - хабарламаға 15 минут ішінде жауап беруге мүмкіндік берілетінін, көрсетілген уақыт өткен соң хабарлама өзектілігін жоғалтатынын хабарлайды.

ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушыдан, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушіден «1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауге және өңдеуге «511» (келісім) хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға шектеулі деректер – жұмыс берушінің БСН-і немесе ЖСН-і, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері туралы ақпарат ұсынылады.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде «Қаржы орталығы» АҚ үшін құпия сипаттағы басқа дербес деректер көрсетілмейді.

«1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тарту «512» (келісім бермеу) хабарламасы жіберілген жағдайда ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітіруші үшжылдық немесе екіжылдық жұмыспен өтеу мерзімі аяқталғанға дейін міндеттеменің орындалуы туралы растау құжаттарын «Қаржы орталығы» АҚ-ға өз бетінше жіберіп тұруы қажет болады.

«Қаржы орталығы» АҚ презентациясы

Түлекке міндетті жұмыс өтеу туралы Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектерге арналған ақпарат.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас мамандардың жұмыс өтеу міндеті қандай нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған?

ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған азаматтарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін міндетті үш жылдық жұмыс өтеу жүктеледі:

  • педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша квота шегінде ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру, мемлекеттік медициналық, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмыс өтеуге міндетті;
  • педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында;
  • барлық басқа мамандықтар бойынша білім беру гранты бойынша меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс өтейді (2017 жылғы түсуден бастап, жас мамандар);
  • философия докторлары PhD жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс өтейді.
Түлектерді жұмысқа бөлу қалай жүргізіледі және мұнымен кім айналысады?

Жеке бөлу комиссиялары педагогикалық және ветеринариялық мамандықтар бойынша жас мамандар мен философия докторлары PhD оқуды аяқтайтын тиісті ЖОО-ларда жыл сайын құрылады, ал медициналық мамандықтар үшін Комиссия денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда құрылады.

Комиссиялар жас мамандар мен философия докторларын PhD жеке бөлуді жүргізеді және жұмыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Бұл тәртіп ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу ережелерімен айқындалған.

Ауылдық квота бойынша түлек қалада жұмыс өтеуге құқылы ма?

Жоқ, егер жас маман «Білім туралы» Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес ауылдық квота бойынша педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаса, жас маман ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс өтеуге міндетті.

Түлектің тұратын жерінде бос жұмыс орны болмаса не істеу керек?

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысының 17-1 тармағына сәйкес бос жұмыс орындары болмаған жағдайда жас маман/философия докторы (PhD) тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелуге тиіс, жұмыссыз ретінде есепте тұру уақытын жұмыс өтеу мерзіміне есептей отырып.

Түлек жұмыс орнына қашан келуі керек?

Ағымдағы жылы оқуды аяқтаған жас мамандар мен философия докторлары PhD жолдама бойынша (Жас мамандар мен философия докторларын PhD жеке бөлу жөніндегі комиссия шешіміне сәйкес) 1 қыркүйектен кешіктірмей жұмыс орнына келеді.

Жұмыс өтеу міндеттемелері орындалмаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

«Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде түлектердің жұмыс өтеу немесе жұмыс өтемеген жағдайда бюджеттік қаражат шығындарын өтеу бойынша өз міндеттерін орындауын мониторингілеу мен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жұмыс өтеу бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ жас маманмен жұмыс жүргізеді: міндетті жұмыс өтеу туралы жазбаша хабарлама дайындау, жас мамандарға қоңырау шалу. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда бюджеттік қаражатты мемлекетке қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі, оның ішінде сот тәртібімен.

Түлекке кейінге қалдыру беріле ме және қандай мерзімге?

Мерзімді әскери қызметке түскен немесе шақырылған кезде жас маманға кейінге қалдыру беріледі (Жас мамандар мен философия докторларын PhD жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен, жазбаша өтініш пен растайтын құжат негізінде қосымша хаттама ресімделеді) және қызмет өту уақытына, қызмет өту уақытын жұмыс өтеу мерзіміне есептемей.

Қандай жағдайларда түлектер жұмыс өтеуден босатылады?

Жұмыс өтеу міндетінен босату Жеке бөлу комиссиясының шешімімен келесі санаттарға беріледі:

  1. жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өтейтін елді мекенінде бос орындар болмаған жағдайда адамдарға;
  2. I және II топтағы мүгедектерге;
  3. магистратураға, резидентураға, докторантураға одан әрі оқуға түскен адамдарға;
  4. жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) бар немесе дербес тәрбиелеп отырған адамдарға.
Әкімшілікте, салық комитетінде, ХҚО-да жұмыс өтеу есептеле ме?

Жоқ, жоғарыда аталған ұйымдарда жұмыс өтеуді есептеу мүмкін емес. ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтар тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс өтейді. Жас маман мемлекеттік білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, бөбекжай-балабақша, колледж, университет) және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (ауруханалар, емханалар) жұмысқа орналасуы тиіс.

Тұрмысқа шыққанда жұмыс өтеу міндеті тоқтатыла ма?

Жұмыс өтеу міндетін тиісінше орындау үшін жас маман мемлекеттік білім беру ұйымында кемінде үш жыл жұмыс істеуге немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге міндетті. Жұмыс өтеу міндетін орындамаған жағдайда жас маман оқуына байланысты бюджеттік қаражат есебінен жұмсалған шығындарды республикалық бюджетке өтеуге міндетті.

Магистратураға түскенде жұмыс өтеуден босатыла ма?

Бұл жағдайда жас маман жұмыс өтеуден босату алу үшін жас маман оқыған тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құрылатын Жеке бөлу комиссиясына жүгінуі керек. ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-2 тармағына сәйкес магистратураға, резидентураға, докторантураға одан әрі оқуға түскен кезде міндетті жұмыс өтеуден босатуды көздейтін нормалар қарастырылған.

Мемлекет үлесі бар ұйымдарда жұмыс өтеуді есептеуге бола ма?

Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жұмыс өтеу міндетін тиісінше орындау үшін жас маман мемлекеттік білім беру ұйымында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеуге міндетті. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда мемлекеттік заңды тұлға — мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар екені көрсетілген. Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс өтеуді есептеу мүмкін емес.

Кейінгі жылдары магистратураға түскен адамдар босатыла ма?

Заң нормаларының мағынасынан Комиссиялардың жас мамандарды жұмыс өтеуден тек оқуды аяқтаған жылы магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана босатуға құқығы бар, бірақ кейінгі жылдары емес, яғни жұмыс өтеуден босату мәселесін қарау кезінде міндетті түрде уақыт факторы, атап айтқанда міндеттемелерді уақтылы орындау ескерілуі тиіс.

Қарыз сомасын бөліп-бөліп немесе қалған кезең үшін төлеуге бола ма?

Заңға және Ережелерге сәйкес жартылай жұмыс өтеу немесе оқуға байланысты бюджеттік қаражатты өтеуді бөліп-бөліп төлеу жағдайында жұмсалған бюджеттік қаражатты қайта есептеуді айқындайтын нормалар қарастырылмаған. Бұл ретте оқу ақысы ҚР Үкіметінің қаулысымен жыл сайын 1 студентті оқу жылында оқытуға кететін орташа шығындармен қалыптасады.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қосымша ақпарат алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға хабарласыңыз.

Бізбен байланысу

Сұрақ қою

KZ EN RU