Шетел азаматтарына

ҚарИУ-ға түсу

Жалпы ақпарат

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын оқуға қабылдау (тіркеу) академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау мерзімдері: 20 шілде – 25 тамыз, 20 қараша – 25 желтоқсан Әңгімелесу өткізу: 20–25 тамыз, 20–25 желтоқсан Оқуға қабылдау күндері: 25–31 тамыз, 26 желтоқсан – 20 қаңтар

ҚарИУ-ға қалай түсуге болады

1
Білім беру бағдарламасын немесе дайындық бағытын таңдаңыз: бакалавриат, магистратура немесе докторантура
2
Университетпен байланысыңыз: «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларының кез келгеніне хат жолдаңыз немесе төмендегі сілтеме арқылы онлайн-форманы толтырыңыз: Онлайн-форма Өтініште төмендегі ақпаратты көрсету қажет: • Тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.); • оқыту тілі (қазақ / орыс); • оқу деңгейі (бакалавриат / магистратура / докторантура); • таңдалған білім беру бағыты. Хатқа келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет: • білім туралы құжат(тар) (аттестат / диплом қосымшасымен); • фотосурет; • төлқұжаттың скан-көшірмесі.
3
Өтініш алынғаннан кейін университет өкілдері барлық ұйымдастырушылық және оқу мәселелерін нақтылау және келісу үшін талапкермен байланысқа шығады.
4
Әңгімелесуден өту: • онлайн — Теміртау қаласынан тыс жерде болған жағдайда; • офлайн (бетпе-бет) — Теміртау қаласында болған жағдайда.
5
Қазақстан Республикасына кіру үшін виза рәсімдеу қажет болған жағдайда университет ресми шақыру хатын дайындайды және виза-мониторингтік (миграциялық) қолдау көрсетеді.
6
Қазақстан Республикасына келгеннен кейін университет келесі мәселелер бойынша көмек көрсетеді: • миграциялық тіркеу және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде есепке қою; • жатақханаға орналастыруды рәсімдеу (қажет болған жағдайда).

Шетелдік студенттерге арналған гранттар

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарын, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдерін, еліміздің жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырады. Стипендиялық бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар (2025 жыл) көзделген: бакалавриат үшін — 490, магистратура үшін — 50, докторантура (PhD) үшін — 10. Стипендия тегін оқытуды және ай сайынғы шәкіртақы төлемін қамтиды. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін жүзеге асырылады. Стипендиялық бағдарламаның операторы — Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы.
Подробнее

Іс-шаралар

Сұрақтар туындаған жағдайда хабарласуыңызды сұраймыз: білім алушыларға қызмет көрсету бөлімі

Бейімделу және университетпен танысу

  • Шетелдік студенттерді оқу топтарының кураторларымен таныстыру
  • Оқу аудиториялары мен жатақханалармен таныстыру
  • Университет бойынша шолу экскурсияларын өткізу
  • Оқу және ғылыми зертханаларға экскурсиялар ұйымдастыру
  • Кітапханамен, кітапхана қорымен және университеттің тарихымен таныстыру
  • КЕАҚ КарИУ музейіне бару

Визалық және көші-қон қолдауы

  • Студенттік визаларды алу үшін шақыру хаттарын рәсімдеу
  • Шетелдік студенттерге виза режимі мәселелері бойынша сүйемелдеу
  • Шетел азаматтарын eQonaq.kz жүйесінде тіркеу
  • ХҚКО-да (ЦОН) тіркеу кезінде сүйемелдеу
  • Университет жатақханаларында студенттерге уақытша тіркеу мен прописка рәсімдеу

Тілдік қолдау және тілдік құзыреттерді дамыту

  • Құзыреттерді дамыту орталығы базасында тілдік курстарды ұйымдастыру және өткізу
  • Ағылшын тілі курстары (A2 деңгейі)
  • Орыс тілі курстары (A1 деңгейі)
  • Қазақ тілі курстары (A1 деңгейі)
  • Оқуды аяқтағаннан кейін сертификаттар беру

Құқықтық және ақпараттық қолдау

  • Биометриялық деректерді тіркеу үшін студенттерді Көші-қон қызметіне сүйемелдеу
  • Шетелдік студенттердің Көші-қон қызметі, құқық қорғау органдары және ҰҚК өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру
  • Көші-қон саласындағы әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары (ҚР ӘҚБтК 517, 518, 519-баптары)
  • Көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу

Цифрлық және консультациялық көмек

  • eGov Mobile порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес беру және көмек көрсету
  • КарИУ-дың ресми сайтын пайдалану кезінде ақпараттық қолдау
  • Оқу, тұру және Қазақстан Республикасында болуға қатысты ағымдағы сұрақтар бойынша жауап беру

Іс-шаралар

21.11.2025

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы. 2025 жылғы 21 қарашада КарИУ-да Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңдарының (ҚР ӘҚБтК 518-баптың 1-тармағы, 517, 519-баптар) талаптарына сәйкес көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алуға бағытталған шетелдік студенттермен түсіндіру-профилактикалық жұмыс аясында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға елде болу тәртібі мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеу, көші-қон заңнамасын қатаң сақтау, жергілікті дәстүрлер мен ұлттық менталитетті құрметтеу мәселелері түсіндірілді. Шетелдік студенттермен түсіндіру-профилактикалық жұмысты білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бушева Н.А., психологиялық қызметтің басшысы Ярута А.В., сондай-ақ Кадырбек Л.А. маманы жүргізді.
18.10.2024

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы аясындағы кездесу

2024 жылғы 18.10.2024 күні Қазақстанда болу кезеңінде шетелдік студенттердің көші-қон режимін және заң талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында көші-қон саласындағы заңнаманы түсіндіру және профилактикалық жұмыс жүргізу үшін шетелдік студенттермен кездесу өткізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеу, көші-қон заңнамасын қатаң сақтау, жергілікті дәстүрлер мен ұлттық менталитетті құрметтеу мәселелері түсіндірілді. Түсіндіру-профилактикалық жұмысты білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бушева Н.А., Теміртау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Кабдымананов А.А., сондай-ақ Утегул А.С. маманы жүргізді.

Шетелдік студенттермен түсіндіру жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен таныстыру

Тілдік қолдау сыныптарында студенттермен ағылшын және орыс тілдері бойынша тілдік курстар өткізу


Шетел азаматтарының ҚР-ға кіру ережелері

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіру ережелері

Шетел азаматының елде болуы туралы хабарлама үш жұмыс күні ішінде берілуі тиіс. Мерзім Қазақстан Республикасына келген күннен, Қазақстан аумағында тұратын жерін ауыстырған күннен немесе ел ішінде іссапарға, жеке сапарға шыққан күннен бастап есептеледі.

Мысалы:

  • егер Қазақстан Республикасына жексенбі күні келсеңіз, хабарлама беру мерзімі — сәрсенбі, яғни 3-ші жұмыс күні;
  • егер Қазақстан Республикасына дүйсенбі күні келсеңіз, хабарлама беру мерзімі — сәрсенбі.

Хабарламаны қабылдаушы тарап (шақырушы тұлға) көші-қон қызметіне vmp.gov.kz Визалық-көші-қон порталы немесе eQonaq.kz жүйесі арқылы береді. Сонымен қатар көші-қон қызметін келесі жағдайларда хабардар ету қажет:

  • қала ішіндегі мекенжайды ауыстырған кезде,
  • Қазақстанның басқа қаласына барған кезде.

Хабарламаны уақтылы бермеу қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 518-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігіне әкеп соғады.

Уақытша тұруға рұқсат (РВП):

  • РВП Қазақстанда 180 күндік кезең ішінде 90 күннен артық (ЕАЭО азаматтары үшін) немесе 30 күннен артық (басқа ел азаматтары үшін) болу үшін қажет.
  • РВП алу үшін дактилоскопиядан өту, яғни саусақ іздерін тапсыру қажет.
  • Тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде фотоесепке тұру қажет (қасыңызда дактилоскопиядан өткені туралы анықтама болуы тиіс), одан кейін Шығыс полиция бөлімінде немесе Ескі қала бөлімінде фотоесепке тұрып, мөрі бар анықтама аласыз. Мөрі бар анықтаманы Бас корпус, 229-кабинеттегі білім алушыларға қызмет көрсету бөліміне тапсыру қажет.

Дактилоскопия, фотоесеп:

РВП, тұруға ықтиярхат және кейбір басқа құжаттарды рәсімдеу кезінде шетел азаматтары үшін міндетті рәсім.

Хабарламаны бірнеше тәсілмен беруге болады:

  • vmp.gov.kz Визалық-көші-қон порталы арқылы онлайн
  • қағаз түрінде тікелей көші-қон қызметіне
  • eQonaq.kz ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде

Маңызды: хабарламаны уақтылы бермеу қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады*. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда визалық шақыруларды рәсімдеуге 1 жылға тыйым салынады**.

*ҚР ӘҚБтК 518-бап
**Халықтың көші-қоны туралы Заңның 48-бабы

2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3 932 теңге

Уақытша тұруға рұқсат ТМД елдерінің азаматтарына рәсімделеді. РВП оқу мақсатында 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Рұқсатты қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) немесе шетел азаматының өзі ЦОН-да, шетелдіктің келгені туралы хабарлама мен ЖСН* болған жағдайда рәсімдей алады. 16 жасқа дейінгі балаларға РВП қажет емес. Еріп келген жұбайына және 16 жастан асқан балаларға РВП рәсімдеу қажет.

Маңызды: Қазақстаннан шыққан жағдайда РВП өзінің қолданылу мерзімінің соңына дейін күшін сақтайды. Елге қайта кірген кезде РВП-ны қайта рәсімдеу талап етілмейді.

*ЖСН шетел азаматына банк шотын ашу, Қазақстан аумағында жалақы алу, ЭЦҚ рәсімдеу, мемлекеттік қызметтер алу, мемлекеттік баждар мен консулдық алымдарды төлеу үшін қажет.


Байланыс

КарИУ-ға түсу мәселелері бойынша

Баймагамбетова Алтынай Хамитовна

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
Қабылдау комиссиясы

Шаяхметова Гульмира Аубакировна

Декан
Үздіксіз білім беру және мансап факультеті
I-245
9:00 - 18:00

Чванова Анастасия Олеговна

Директор
Стратегия және интернационалдандыру департаменті
Н-210,219
8:00 - 17:00

Сұрақ қою

KZ EN RU