10 нысан(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) Талап ету орны бойынша анықтама: КРУ әскери кафедрасына, жатақханаға, ата-аналарға немесе студенттерге жұмысқа, әскери қызметтен кейінге қалдыру үшін ХҚКО-ға, кітапханаларға және т.б.
2-қосымша(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) ХҚКО-ларда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде асыраушысынан айырылу жағдайында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға арналған анықтама.
4-қосымша(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) Асыраушысынан айырылу жағдайында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға арналған анықтама. *Сізге қай қосымша керек екенін — 2 немесе 4 — нақтылаңыз, содан кейін ғана онлайн тапсырыс беріңіз.
29-қосымша(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, марапатталған ана жәрдемақысын алуға арналған анықтама.
3-қосымша(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) Әскери комиссариатқа ұсыну үшін анықтама. Әскери комиссариатқа анықтама тапсырыс берген кезде жаңа корпус 222 каб. (Персоналды басқару қызметі) жазылу куәлігін немесе әскери билетін алып келу қажет.
Шақыру-анықтама(3 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады) Жұмыс орнына ұсыну, емтихан тапсыру, практикадан өту, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты дайындау мен қорғау үшін оқу демалысын беру туралы.
Транскрипт — тиісті оқу кезеңінде оқылған пәндердің тізімін, кредиттер саны мен балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаларын қамтитын құжат.