Докторантура

Түсу үшін қажетті құжаттар

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде түпнұсқасы);
  3. жеке басын куәландыратын құжат;
  4. ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ) (шетелдік азаматтарды қоспағанда);
  5. шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (ағылшын, неміс, француз):
    Ағылшын тілі:
    • IELTS Academic — шекті балл кемінде 5,0;
    • TOEFL IBT — шекті балл кемінде 35;
    • TOEFL ITP — шекті балл кемінде 417;
    • TOEIC — шекті балл кемінде 550;
    • Duolingo English Test — шекті балл кемінде 80;
    Неміс тілі:
    • DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang) — В2 деңгейі;
    • TestDaF-Prüfung — В2 деңгейі;
    Француз тілі:
    • TFI (Test de Français International) — В2 деңгейі;
    • DELF (Diplôme d'Études en Langue française) — В2 деңгейі;
    • DALF (Diplôme Approfondi de Langue française) — В2 деңгейі;
    • TCF (Test de connaissance du français) — кемінде 50 балл.
  6. ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы электрондық медициналық анықтама;
  7. 3×4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;
  8. жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасы;
  9. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
  10. жеке іс үшін папка — тігілмелі мұқаба.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізімі ұсынылған жағдайда, қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Құжат тапсыру мерзімдері

Өтініштерді қабылдау мерзімі
3 шілдеден 3 тамызға дейін
Қабылдау емтихандарын өткізу мерзімі
4 тамыздан 20 тамызға дейін

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

2025 жылға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Код және БББ тобы PhD докторларын даярлау Бейіндік докторлар (индустриалды PhD)
Орын саны Мақсатты орындар Ұйым атауы Орын саны
D097 — Химиялық инженерия және процестер 2 2
D100 — Автоматтандыру және басқару 1 1
D101 — Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 1
D103 — Механика және металл өңдеу 2 1
D108 — Наноматериалдар және нанотехнологиялар 1
D117 — Металлургиялық инженерия 4 1 «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ 1
Барлығы 11 1 5

Кешенді тестілеу

Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақ. Ең жоғары балл саны 100 балл. Қосымша тестілеу — «жіберу» немесе «жібермеу» нысанында бағаланады. «Жіберу» бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.

Қосымша тестілеуді ҰТО ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген ұйымдарда жүргізеді. Қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны түсушілерге олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

Қосымша тестілеу нәтижелері қосымша тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында көрсетіледі. Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады, сондай-ақ түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

4 тамыздан 20 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген қосымша тестілеу сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Докторантураға оқуға:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық негізде қабылдау емтиханы бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады;
  • ақылы негізде — мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 75 балл.

Докторантураға түсу үшін 100 балдық жүйе шкаласы

Типтік қағидалар ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 ж. № 241 бұйрығына сәйкес 9-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.05.2024 ж. № 212 бұйрығының редакциясында.

Тест түрлері Балл
ЖЖОКБҰ емтихан комиссиясы жүргізетін түсушімен әңгімелесу 30
Эссе 20
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан 50
Барлығы 100

GRE халықаралық сертификат балдарын аудару шкаласы

Тест секциясы Педагогикалық, Гуманитарлық, Әлеуметтік ғылымдар Жаратылыстану, АКТ, Инженерия, Бизнес Тест түрлері Балл
Quantitative Reasoning / Analytical Writing кемінде 155 / кемінде 3 кемінде 160 / кемінде 3 Оқуға дайындықты анықтау тесті 10
Quantitative Reasoning / Analytical Writing кемінде 160 / кемінде 4 кемінде 165 / кемінде 4 Оқуға дайындықты анықтау тесті 20
Quantitative Reasoning / Analytical Writing кемінде 165 / кемінде 5 кемінде 170 / кемінде 5 Оқуға дайындықты анықтау тесті 30
Verbal Reasoning кемінде 145 кемінде 145 Шет тілі бойынша тест 25
Verbal Reasoning кемінде 155 кемінде 155 Шет тілі бойынша тест 40
Verbal Reasoning кемінде 165 кемінде 165 Шет тілі бойынша тест 50

Докторантура білім беру бағдарламалары

8D07104/8D07109
Автоматтандыру және басқару
Даярлау бағыты: 8D071 Инженерия және инженерлік іс
БББ тобы: D100 Автоматтандыру және басқару
Образовательная программа «Автоматизация и управление» ориентирована на подготовку специалистов высшего уровня, способных разрабатывать, анализировать и внедрять современные автоматизированные и интеллектуальные системы управления технологическими и производственными процессами.
8D07108/8D07102
Технологиялық машиналардың инновациялық инжинирингі
8D07202/8D07203
Қара және түсті металдар металлургиясы
8D07105/8D07110
Материалтану және инновациялық инжиниринг
8D07101/8D07106
Инженериядағы нанотехнологиялар
8D07103/8D07107
Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Қабылдау комиссиясы

Докторантураға түсу мәселелері бойынша хабарласыңыз:

Баймағамбетова Алтынай Хамитқызы

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы
Қабылдау комиссиясы
главный корпус, аудитория 117
9:00 - 18:00

Кунаев Вячеслав Александрович

Директор
Ғылым және инновациялар департаменті

Сұрақ қою

KZ EN RU