Академиялық саясат департаменті университеттің академиялық саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, білім беру үдерісін үйлестіру және мониторингтеуді, білім алушылар контингентін есепке алуды, білім беру бағдарламаларын дамыту мен инклюзивті оқытуды қолдауды жүзеге асырады.
Ғылым және инновациялар департаменті университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін, соның ішінде ҒЗТКЖ-ны, ғылыми бөлімшелерді дамыту мен ғылыми жобаларды іске асыруды үйлестіреді. Департамент қызметі ғылыми әлеуетті тиімді пайдалануға және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Стратегия және интернационалдандыру департаменті университеттің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық жоспарлау мен интернационалдандыру үдерістерін үйлестіреді. Департамент қызметі халықаралық серіктестіктерді дамытуға, университеттің имиджін нығайтуға және халықаралық рейтингтердегі орнын арттыруға бағытталған.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің қызметі білім алушылардың жан-жақты дамуын, студенттік бастамаларды қолдауды, инклюзивті құндылықтарды ілгерілетуді, азаматтық жауапкершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді.
Цифрландыру және киберқауіпсіздік департаменті университеттің қызметтері мен үдерістерін цифрландыруды, ақпараттық жүйелерді енгізу мен сүйемелдеуді, ИТ-инфрақұрылымды дамытуды, ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ цифрлық білім беру және әкімшілік сервистерді қолдауды жүзеге асырады.
Маркетинг, медиа және креативті технологиялар департаменті университеттің бренді мен имиджін ілгерілетуді, медиаконтент пен цифрлық коммуникацияларды басқаруды, сондай-ақ білім беру және имидждік қызметте креативті және мультимедиялық шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Пайдалану, еңбек қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті университет инфрақұрылымын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, сондай-ақ еңбек және өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау талаптарының сақталуын жүзеге асырады.
Бухгалтерия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізеді, сондай-ақ еңбекақыны, шәкіртақыны, оқу ақысы мен студенттер үйлерінде тұру ақысын, іссапар шығындарын есептеуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі университеттің кадрлық саясатын іске асырады және университеттің мақсаттары мен миссиясына сәйкес кадрларды іріктеу, дамыту және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Қызметке жұмысқа орналасу, конкурстық іріктеу, мансаптық өсу және еңбек қатынастары мәселелері бойынша жүгінуге болады.
Белгіленген тәртіпке сәйкес келіп түскен, жіберілетін және ішкі құжаттарды өңдеуді, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізуді және таратуды жүзеге асырады; құжаттар мен тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуы мен өтуіне бақылау жүргізеді.
Құқықтық қолдау бөлімі университет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ шарттық және талап-арыз жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Университеттің баспасөз қызметі университет қызметінің ақпараттық сүйемелдеуін, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды, ресми хабарламалар, жаңалықтар мен пресс-материалдарды дайындауды, сондай-ақ университеттің қоғамдық имиджін қалыптастыру мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алу секторы университет қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. НАО «Қарағанды индустриялық университетінің» сатып алулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында ашық түрде жүргізіледі.
Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінің қызметінің мақсаты – білім алушыларға сапалы әрі уақтылы қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру қолдауын қамтамасыз ету.
Кітапхана университеттің оқу және ғылыми ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кітапханада оқырман билетін рәсімдеуге, электрондық кітапханаға қол жеткізуге және оқу әдебиетін алуға болады.