Техникалық-экономикалық колледж

Карагандинский индустриальный университет

Колледж директоры

АБДРАХМАНОВА АЙТГҮЛ ЕРМЕКҚЫЗЫ

Колледж директоры

📞 Телефон: 87755189096

📧 E-mail: tek_kgiu@mail.ru

📍 Мекенжай: Теміртау қ., Республика д-лы 30, А корпусы, 207 кабинет

Студенттерді қабылдау кестесі:

📅 Сейсенбі, бейсенбі: 15:00 – 17:00

Колледж директоры

Колледж туралы

Техникалық-экономикалық колледж «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және колледж-ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша өз қызметін жүзеге асырады.

ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін, техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.

"Біздің мамандар – болашаққа сенімділік!"

Білім беру бағдарламалары

Мемлекеттік лицензияға сәйкес колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.

Экономикалық мамандықтар (2)

  • 04130100 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер
  • 04110100 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист – бухгалтер

Техникалық мамандықтар (7)

  • 07130400 «Жылумен жабдықтаудың техникалық жабдықтары мен жүйелері» – біліктілігі: техник – жылу технигі
  • 07130700 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» – біліктілігі: электромеханик
  • 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» – біліктілігі: техник – механик
  • 07151300 «Қара металдар металлургиясы» – біліктілігі: техник – металлург
  • 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
  • 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» – біліктілігі: техник – құрылысшы
  • 07151100 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» – біліктілігі: техник – механик

Оқыту

Колледжде оқыту 9 және 11 сынып базасында, мемлекеттік және орыс тілінде, күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында студенттермен сабақтан тыс жұмыс жүргізу үшін барлық жағдайлар мен белгілі бір материалдық-техникалық база құрылған.

Халықтың жекелеген санаттары мен топтары үшін техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер, оқуға гранттар түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютерлік сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.

Колледжді бітіргеннен кейін Студенттер Қарағанды индустриялық университеті мен басқа жоғары оқу орындарына жақын мамандықтарға қысқартылған оқу нысаны бойынша түсу мүмкіндігіне ие – күндізгі бөлімге 2,5 жыл және қашықтықтан оқыту бөліміне 3,5 жыл.

Сұрақ қою

KZ EN RU