Оқырман ұлт
«Оқырман ұлт» жобасы — Қазақстан Республикасы халқы арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың рухани жаңғыру мен елдің интеллектуалдық дамуы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын «Оқырман ұлт» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.
https://reading-nation.kz/kk/
Жаңа білім. Қазақ тіліндегі әлемнің 100 үздік оқулығы
«ЖАҢА БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘЛЕМНІҢ 100 ҮЗДІК ОҚУЛЫҒЫ» жобасы аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар аударылды.
Әлемнің үздік жоғары оқу орындарының әдебиетін қазақ тілінде қолжетімді ету идеясы Қазақстан Президентіне тиесілі. 2017 жылғы 12 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» атты кең ауқымды бағдарламаны ұсынды.
Қазіргі уақытта Рухани Жаңғыру «Жаңа білім. Қазақ тіліндегі әлемнің 100 үздік оқулығы» жобасы аясында ҚарИУ Ғылыми кітапханасы 2018 жылдың жазынан бастап 107 атау кітап (4880 дана) алды.