Декан
ЕСБОЛАТ АЙБОЛ БАТЫРХАНҰЛЫ
Факультет деканы
Философия докторы (PhD)
Қабылдау кестесі
Күн сайын: 10:00 – 17:00
(сабақ кестесі бойынша өткізілетін уақыттан басқа)
Түскі ас: 13: 00 – 14: 00
Кабинет: 1-243
Факультет тарихы
«Металлургия және машина жасау» факультеті 2017 жылы «Металлургия және құрылыс» факультетінен қайта ұйымдастырылды. Мамандарды даярлау кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес жүргізіледі. 2010-2012 жж. факультет деканы т.ғ.к., доцент Танагүзов Б.Т. болды. 2013 жылдың қаңтарынан бастап факультет деканы т.ғ.к. Смаилов С.А. болды, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап декан доцент, т.ғ.к. Жабалова Г.Г. болды, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап факультетті доцент, т.ғ.к. Мусин Д.К. басқарды, 2021 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың тамызына дейін факультетті т.ғ.к., профессор Жабалова Г.Г. басқарды. 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың тамызына дейін факультетті PhD, қауымдастырылған профессор Ержанов А.С. басқарды және қазіргі уақытта факультетті PhD Есболат А.Б. басқарады.
Факультет туралы
Факультет құрамына үш кафедра кіреді: «Металлургия және материалтану» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – PhD доктор Харченко Е.М.); «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – PhD доктор Айнабекова С.С.); «Химиялық технология және экология» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – х.ғ.к., доцент Кабиева С.К.).
Үш кафедра – «Металлургия және материалтану», «Материалдарды қысыммен өңдеу», «Химиялық технология және экология» бітіруші кафедралар болып табылады. Факультет металлургия, машина жасау, химиялық технология және өнеркәсіптік қауіпсіздік бағыттары бойынша бакалаврлар мен магистрлерді, сондай-ақ металлургия, материалтану, нанотехнологиялар және органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша докторантурада PhD докторларын даярлайды.
Қазіргі уақытта факультетте жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.
Білім алушылар таңдаған мамандық бейіні бойынша пәндерді, сондай-ақ жалпы кәсіптік, жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы пәндерді оқиды. Мамандық бойынша кәсіби дағдыларды білім алушылар қала, Республика және шетелдегі кәсіпорындарда өндірістік және зерттеу практикаларынан өту кезінде алады. Қазақстан Республикасының басқа университеттерінде және ел шегінен тыс жерлерде (АҚШ, Испания, Чехия, Польша, Болгария, Германия және т.б.) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі бар. Оқытуға шетелдік мамандар шақырылады.

"Факультеттің көрнекті түлектері арасында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, КСРО қара металлургия министрлігінің бұрынғы министрі, Ресей Федерациясының экс вице-премьері, қазіргі уақытта Ресей қаржы-өнеркәсіптік топтарының президенті Олег Николаевич Сосковец."