Металлургия және материалтану кафедрасы

Харченко Елена Михайловна
Кафедра меңгерушісі

Харченко Елена Михайловна

PhD

Оқу-әдістемелік қызмет

«Металлургия және материалтану» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын атқарады:

пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
курстық, зертханалық, практикалық жұмыстарды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және қайта өңдеу;
жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және қайта өңдеу;
силлабустарды әзірлеу және қайта өңдеу;
ISBN және © индекстеріне ие оқу құралдарын, оқулықтарды және монографияларды даярлау;
электронды әдістемелік материалдарды және виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеу;
тестілік материалдар мен білімді бақылауға арналған материалдарды әзірлеу және қайта өңдеу;
дәріс конспектілерін әзірлеу және қайта өңдеу.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды кафедраның профессор-оқытушы құрамы әзірлейді, ол кейін кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, факультет деканы мен академиялық саясат жөніндегі департамент директорымен келісіледі, оқу ісі жөніндегі проректорымен бекітіледі.

Ғылыми қызмет

«Металлургия және материалтану» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы кафедра мен университеттің перспективалық және ағымдағы даму жоспарлары негізінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

шаруашылық келісім және мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жұмыс;
магистрлік және докторлық диссертацияларға басшылық ету;
республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу;
рецензияланатын республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар мен материалдарды жариялау;
оқу құралдары мен монографиялар шығару;
бакалавр, магистрант және докторанттарды кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына, зерттеу жобаларын жасауға және жүзеге асыруға белсенді тарту


Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары
Кафедра оқытушылары келесі ғылыми тақырыптарды әзірлеуде:

Құрамында қорытпалар бар кальций мен барийлерді алу және қолдану технологиясын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер (жетекшісі т.ғ.д., профессор Нурумгалиев А.Х.);
Құбыр өнімдерін өндіру үшін металдар мен қорытпалардың фазалық құрамын оңтайландыру (жетекшісі т.ғ.д., профессор Нурумгалиев А.Х.);
Табиғи және техногендік шикізаттан германия алудың теориялық және технологиялық негіздерін әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Мусин Д.К.);
Мыс балқыту өндірісінің үйінді қождарын кешенді өңдеу технологиясын енгізу және ғылыми негіздерді әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Харченко Е.М.);
Кентермиялық үдерісте брикеттелген моношихтадан техникалық кремнийді алу технологиясын әзірлеу (жетекшісі т.ғ.к., доцент Зобнин Н.Н.);
Қазақстанда ехникалық кремний өндірісінің технологиясын жетілдіру және оның сапасын арттыру (жетекшісі т.ғ.д. Нурумгалиев А.Х., т.ғ.к., доцент Зобнин Н.Н.).


Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедрада «Металлургиядағы инновациялық технологиялар» ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді, оның негізгі міндеттері болып саналады:

металлургиялық саланың өзекті мәселелері бойынша СҒЗЖ тапсырмаларын курстық және дипломдық жобалар тақырыптарына байланыстыра отырып әзірлеу;
оқу сабақтарына дайындалу үшін әдебиеттерді іріктеуге, мәнжазба, бақылау, курстық жұмыстар мен ғылыми мақалалар жазуға әдістемелік көмек көрсету;
«Жастардың ғылыми шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін баяндамалар дайындау»
дипломдық жобалар мен жұмыстардың инновациялық бөлімдері бойынша бітіру курсы білім алушыларының баяндамаларын тыңдау.

Оқытушылар

Ержанов Алмас Сатыбалдыевич

Доцент

Сұрақ қою

KZ EN RU