Жасанды интеллект технологиялары

Чванова Анастасия Олеговна
Кафедра меңгерушісі

Чванова Анастасия Олеговна

Кафедра меңгерушісі

Техника және технология магистрі

Қабылдау кестесі

Сс., бс.: 15:00 - 17:00

Кафедра тарихы

1996 жылы «Металлургиядағы Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығына алғашқы студенттер қабылданды, осыған байланысты «Автоматика, телемеханика және есептеу техникасы» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушілері әр жылдары М. К. Зейнешев, В. И. Барбаев болды.

2002 жылы осы мамандықтағы студенттердің алғашқы бітіруі өтті.

2009 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына лицензия алынды, сол жылы осы мамандық бойынша оқуға алғашқы қабылдау жүргізілді.

2012 жылы «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану–ғылыми пәндер» жаңа кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Яворский В.В.

2013 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалаврлардың алғашқы бітіру кеші өтті.

2020 жылы «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі PhD Кунаев Вячеслав Александрович болды. Кафедра «Бағдарламалық инженерия», «Жасанды интеллект технологиялары» және «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы бойынша магистрлерді және «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша PhD докторларын дайындайды.

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін аға оқытушы, техника және технология магистрі Чванова Анастасия Олеговна атқарады

Кафедра оқытушылары Cisco желілік академиясымен, Huawei, Kaspersky компанияларымен табысты ынтымақтасып, университет студенттеріне IT индустриясының түрлі бағыттары (аппараттық жүйелер мен желілерді құруға кіріспе, киберқауіпсіздік, заттар интернеті және т.б.) курстарында оқуға мүмкіндік береді. Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Кафедра түлектері табысты кәсіби қызметтерде жұмыс істейді, басшылық лауазымдарды атқарады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және компьютерлік желілерді жобалау саласында білікті мамандар болып табылады. Түлектермен өзара іс-қимылдың арқасында кафедраның білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып отырады. Түлектермен студенттердің кездесулері жыл сайын өткізіліп тұрады, онда түлектер өз тәжірибелерімен бөліседі және өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

Оқу-әдістемелік қызмет

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша келесі міндеттерді орындайды:

Оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және жаңарту.
Электрондық оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және жаңарту.
Курстық жұмыстарды, зертханалық және практикалық сабақтарды орындауға, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқауларды дайындау.
Силлабустарды әзірлеу және жаңарту.
ISBN және © тағайындау арқылы оқулықтар, монографиялар және оқу құралдарын жазу.
Электрондық әдістемелік материалдар мен виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеу.
Білімді бақылауға арналған тестілік материалдарды дайындау және жаңарту.
Дәріс конспектілерін құрастыру және жаңарту.

Барлық оқу-әдістемелік құжаттама алдымен кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, кейін факультет деканымен және академиялық саясат департаментінің директорымен келісіліп, соңында академиялық мәселелер жөніндегі проректор тарапынан бекітіледі.

Ғылыми қызмет

1996 жылы «Металлургиядағы Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығына алғашқы студенттер қабылданды, осыған байланысты «Автоматика, телемеханика және есептеу техникасы» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушілері әр жылдары М. К. Зейнешев, В. И. Барбаев болды.

2002 жылы осы мамандықтағы студенттердің алғашқы бітіруі өтті.

2009 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына лицензия алынды, сол жылы осы мамандық бойынша оқуға алғашқы қабылдау жүргізілді.

2012 жылы «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану–ғылыми пәндер» жаңа кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Яворский В.В.

2013 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бакалаврлардың алғашқы бітіру кеші өтті.

2020 жылы «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі PhD Кунаев Вячеслав Александрович болды. Кафедра «Бағдарламалық инженерия», «Жасанды интеллект технологиялары» және «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «Автоматтандыру және басқару» бағдарламасы бойынша магистрлерді және «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша PhD докторларын дайындайды.

2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін аға оқытушы, техника және технология магистрі Чванова Анастасия Олеговна атқарады

Кафедра оқытушылары Cisco желілік академиясымен, Huawei, Kaspersky компанияларымен табысты ынтымақтасып, университет студенттеріне IT индустриясының түрлі бағыттары (аппараттық жүйелер мен желілерді құруға кіріспе, киберқауіпсіздік, заттар интернеті және т.б.) курстарында оқуға мүмкіндік береді. Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Кафедра түлектері табысты кәсіби қызметтерде жұмыс істейді, басшылық лауазымдарды атқарады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және компьютерлік желілерді жобалау саласында білікті мамандар болып табылады. Түлектермен өзара іс-қимылдың арқасында кафедраның білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылып отырады. Түлектермен студенттердің кездесулері жыл сайын өткізіліп тұрады, онда түлектер өз тәжірибелерімен бөліседі және өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

Материалдық-техникалық база

Қарағанды индустриялық университетінің ақпараттық технологиялар мен автоматтандыру саласындағы білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейдегі жабдықталуымен және мамандандырылған зертханалардың әртүрлілігімен ерекшеленеді:

«Huawei ICT Academy» (I-222 аудиториясы) – ақпараттық қауіпсіздік, жүйелік әкімшілендіру және желілік технологиялар бойынша сабақтар өтетін бұл аудитория «IT-Alem» жеке үстелдік желілік тренажерларымен және 10 моноблокпен жабдықталған.
«Цифрлық технологиялар» құзыреттер орталығы (I-220 аудиториясы) – 18 компьютер, проектор және экранмен жабдықталған. Matlab, Компас, EWB, Microsoft Office және басқа бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған. Бұл орталықта автоматтандыру, басқару және инженерлік жобалау бағыттарындағы пәндер оқытылады. Сондай-ақ студенттер Cisco ICT Academy курстарын меңгереді.
Автоматтандырудың техникалық құралдары зертханасы (Н-101 аудиториясы) – SIEMENS, LOGO, ET-200S негізіндегі түрлі зертханалық стендтермен, FESTO және SIEMENS компанияларының бағдарламалық және аппараттық кешендерімен, интерактивті тақтамен және оқу тренажерларымен жабдықталған. Бұл зертхана пневмо- және гидроавтоматика, SCADA жүйелері, өнеркәсіптік желілер, SMART технологиялар бойынша сабақтарға арналған.
Бағдарламалық қамтамасыз ету және дерекқорлар әзірлеу зертханасы (I-336 аудиториясы) – 8 заманауи компьютермен, проектормен және экранмен жабдықталған. Microsoft Visual Studio, AllFusion Process Modeler, Electronic Workbench және басқа да бағдарламалар қолданылады. Бұл жерде бағдарламалау, машиналық оқыту және ақпараттық жүйелерді жобалау сабақтары өтеді.
Есептеу жүйелерінің архитектурасы бойынша мамандандырылған аудитория (I-311 аудиториясы) – желілік технологияларды оқытуға арналған зертханалық стендпен жабдықталған. Мұнда ақпараттық қауіпсіздік, дерекқорлар және эксперттік жүйелер пәндері оқытылады.
«Интернет-технологиялар және web-бағдарламалау» зертханасы (I-214 аудиториясы) – 15 жаңа компьютермен, проектормен және экранмен жабдықталған. Open Server, Visual Studio және басқа да серверлік платформалар мен өңдеу орталықтары орнатылған. Бұл зертхана web-әзірлеу, ERP-жүйелері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша курстарға арналған.

Тәжірибе базалары мен серіктестер

Кафедра аймақтағы жетекші кәсіпорындармен тұрақты серіктестік орнатқан. Студенттер кәсіби ортада тәжірибеден өту үшін кафедра филиалдары өндірістік орындарда жұмыс істейді. Мұндай серіктестік студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға, жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға және оқу процесін еңбек нарығының талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың желтоқсан айында «КазМеталлургАвтоматика» ЖШС-мен дуальді оқыту туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша студенттер оқуымен қатар кәсіпорында жұмыс істейді.

Біздің өндірістік серіктестеріміз:

АО «Qarmet»

ТОО «KAZPROMAVTOMATIKA» (кафедра филиалы бар)

ТОО «КазМеталлургАвтоматика» (кафедра филиалы бар)


Сонымен қатар жетекші ІТ-компаниялармен серіктестік бар:

Huawei – Huawei ICT Academy жұмыс істейді

Cisco – Cisco ICT Academy жұмыс істейді

SAP – 2024 жылдың желтоқсанында ҚарМУ SAP Университеттер Альянсына қосылып, SapLearning білім беру платформасына қол жеткізді



Оқытушылар

Жаутиков Бахыт Ахатович

Жаутиков Бахыт Ахатович

Профессор

т.ғ.д.

Чванова Анастасия Олеговна

Чванова Анастасия Олеговна

Аға оқытушы

Магистр

Сивякова Галина Александровна

Сивякова Галина Александровна

Доцент

т.ғ.к.

Яворский Владимир Викторович

Яворский Владимир Викторович

Профессор

т.ғ.д.

Тытюк Валерий Константинович

Тытюк Валерий Константинович

Профессор

т.ғ.д.

Волокитин Андрей Валерьевич

Волокитин Андрей Валерьевич

Доцент

PhD

Спичак Екатерина Владимировна

Спичак Екатерина Владимировна

Аға оқытушы

Магистр

Авкурова Жадыра Советхановна

Авкурова Жадыра Советхановна

Аға оқытушы

Магистр

Кан Светлана Васильевна

Кан Светлана Васильевна

Аға оқытушы

Магистр

Титова Жанна Ивановна

Титова Жанна Ивановна

Аға оқытушы

Магистр

Серғазықызы Анар

Серғазықызы Анар

Аға оқытушы

Магистр

Кенжебаева Тогжан Сериковна

Кенжебаева Тогжан Сериковна

Аға оқытушы

Магистр

Попова Нина Евгеньевна

Попова Нина Евгеньевна

Аға оқытушы

Магистр

Захватаев Сергей Сергеевич

Захватаев Сергей Сергеевич

Старший преподаватель

Магистр

Белгибаева Ляззат Мергенбаевна

Белгибаева Ляззат Мергенбаевна

Аға оқытушы

Магистр

Чернова Татьяна Петровна

Чернова Татьяна Петровна

Аға оқытушы

Магистр

Студенттік ұйымдар

Титова Жанна Ивановна

"Виртуалды шындық" студенттік зерттеу үйірмесі

Титова Жанна Ивановна 1 мүше

"Виртуалды шындық" студенттік зерттеу үйірмесі

Титова Жанна Ивановна
Жетекші Титова Жанна Ивановна Аға оқытушы
Виртуалды шындық (VR) бойынша ғылыми үйірме VR технологияларының теориялық және қолданбалы негіздерін, сондай-ақ олардың ғылым мен білім берудегі қолданылуын зерттеуге бағытталған. Қатысушылар виртуалды орталарды әзірлеуді меңгеріп, тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер жүргізеді. Үйірме жұмысының қорытындысы ретінде ғылыми-қолданбалы VR жобалары әзірленіп, қорғалады.
Құрам (1)
Аты-жөні Тобы
1 Нуржанов Данияр ПИ-22

Сұрақ қою

KZ EN RU