«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы

Капашева Жания Кудайбергеновна
Кафедра меңгерушісі

Капашева Жания Кудайбергеновна

Магистр

Кафедра тарихы

«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 31.08.2024ж. (6\24 хаттама) шешімімен қайта құрылды. «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы мен «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясын біріктіру негізінде құрылды.

«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы 2024 жылдың қыркүйек айында құрылды ( кафедра меңгеруші м.а.- г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

«Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы

1963 – «Шетел тілдері» кафедрасы құрылды (меңгерушісі Дядюкова И. И.).

1991– кафедра «Қазақ және орыс тілдері» (меңгерушісі Айтбаева М. Ж.) және «Шетел тілдері» (меңгерушісі Черемных Л. С.) кафедраларына бөлінді.

1969-1976 жылдары кафедраны Залесский И.И., Мұқанова Т.Н., Станович О.Н., Садықов М.С. басқарды.

1996 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасына біріктірілді. (меңгерушісі п.ғ.к., доцент Байбусанова З.Е.)

2001-2011-кафедраны Баймбетова М. К. басқарды.

2011– кафедра «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының құрамына енді (меңгерушісі с.ғ.к., доцент Гуменчук О. Н., 2014-2017- п.ғ.м., Хамитов С.Б.)

2017 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы құрылды (меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент Абдикарим Н.А.).

2021 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері» мен «Жалпы білім беру пәндері» («Физика-математика» секциясы) кафедралары біріктіріліп, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды (меңгерушісі х.ғ.к.,доцент Махмутов Б.Б., 2022 ж. –Мырзаханова А.Т., 2023 ж. – г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

«Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясы

1963 – «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы құрылды (меңгерушісі – т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.).

1964 – «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы «Марксизм-ленинизм» кафедрасы болып аталды (меңгерушісі – т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.).

1968 – «Марксизм-ленинизм» кафедрасының негізінде екі жаңа кафедра құрылды:

- «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын (1975 жылға дейін – т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.; 1975-1981 жылдары – т.ғ.к., доцент Джагфаров Н.Р.; 1982-1989 жылдары –т.ғ.к., доцент Гунашев А.А.) басқарды.

- «Философия және саяси экономика» кафедрасын (1968-1974 жылдары – ф.ғ.к., доцент Сиянина М.М.; 1975-1985 жылдары– ф.ғ.к., доцент Попандопуло И.Л.; 1985-1992 жылдары – э.ғ.к., доцент Салийчук В.Ф.) басқарды.

1990 – «Әдеп, эстетика және құқықтық тәрбие» кафедрасы құрылды (меңгерушісі – т.ғ.к., доцент Мухина З.З.).

1992 – «Әдеп, эстетика және құқықтық тәрбие» кафедрасының негізінде «Мәдениеттану» кафедрасы құрылды (меңгерушісі 1992-1994 жылдары – ф.ғ.к. Шитова В.Н.; 1994 жылдан бастап – с.ғ.к. Гуменчук О.Н.).

1996 – Барлық гуманитарлық кафедралар «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасына біріктірілді (меңгерушісі – 2006 жылға дейін с.ғ.к. Гуменчук О.Н.; 2006-2011 жылдары – аға оқытушы Черкашин В.Г.).

2011 – Кафедра «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы болып аталды (меңгерушісі – с.ғ.к. Гуменчук О.Н.). Кафедра құрамына «Қазақ, орыс және шетел тілдері» мен «Дене тәрбиесі» кафедралары біріктірілді.

2013 – Кафедра «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп қайта аталды (меңгерушісі – с.ғ.к. Гуменчук О.Н.; 2014- 2017 жылдары – п.ғ.м. Хамитов С.Б.).

2017– «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы болып құрылды (меңгерушісі 2019 жылға дейін – аға оқытушы Колесникова Р.К., 2019-2023 жылдары – т.ғ.м. Солтан М, 2023-2024 жылдары – т.ғ.м. Капбарова Г.М ).

2024 – «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясы мен «Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы біріктіріліп, «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды (меңгерушісі – г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

2024-2025 оқу жылында кафедрада 1 ғылым кандидаты, 10 ғылым магистрі мен 9 аға оқытушы қызмет етеді.

Кафедрада 3 компьютерлік сынып, 13 оқу кабинеті және «Құзыреттерді дамыту орталығы» бар.

Кафедра пәндері: Орыс тілі, Кәсіби орыс тілі, English, Professional English, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану және саясаттану, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Мәдениеттану және психология. Философия, Ғылым тарихы және философиясы, Жоғары мектеп педагогикасы, Басқару психологиясы. Пәндер 1-3 курста оқытылады.

Кафедра миссиясы – философиялық дүниетанымы,саяси санасы және мәдениеті мен кәсіптік коммуникацияда тілдік құзыреттілігі жоғары тұлға қалыптастыру.

ҚТжәнеЖбБП кафедрасы дамуының стратегиялық мақсаты – инновациялық ойлау стилі бар, саяси санасы, мәдениеті және тілдік құзыреттілігі жоғары бакалаврды білімді жүйелі түрде пайдалану негізінде кәсіби және ғылыми-зерттеу міндеттерін дербес шеше алатын белсенді тұлға ретінде толыққанды дамыту мен қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Оқу-әдістемелік қызмет

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі басым бағыттары:

оқу процесін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу процесінің әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз
етілуіне мониторинг жүргізу;
электрондық білім беру ресурстарын, MOOC әзірлеу және оқу процесіне енгізу;
ішкі және сыртқы басылымдарда оқу-әдістемелік құралдар шығару;
кафедра оқытушылары әзірлейтін силлабустарды, оқу құралдарды және оқу-әдістемелік кешендерді сараптау;
кафедра оқытушыларының сабақтарға өзара қатысуы;
инновациялық білім беру технологияларын, формалары мен оқыту әдістерін қолдану;
оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
ПОҚ біліктілігін арттыру.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы:

университеттің Даму бағдарламасына сәйкес;
университеттің Академиялық саясатына сәйкес;
Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде;
университет ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау ережесіне сәйкес;
оқу бағдарламасын жасау және ресімдеу жөніндегі Ережеге сәйкес;
университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формалары:

ғылыми-әдістемелік конференциялар, әдістемелік семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары;
нұсқаулық-әдістемелік кеңестер;
әдістемелік апта;
сыртқы (серіктес ЖОО) сарапшылардың қатысуымен ашық сабақтар;
кафедра оқытушылары әзірлейтін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын сараптамадан өткізу;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша өзіндік есептері.
2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары кафедрада С индексті 1 оқу құралы (Жунусова А. К. «Металлургия мамандықтарының студенттеріне арналған Кәсіби бағытталған ағылшын тілі»;), ISBN берілген 4 оқу құралы (Жунусова А.К. «Кәсіби бағытталған шет тілі»; Дружинина Н.В., Ахметгалина Н. С. «Шет тілі А2»; «Көлік және көлік машиналары мамандықтарына арналған кәсіби шет тілі», Капашева Ж.К. «Қазақ тілі В1» 2-бөлім, Мырзаханова А.Т., Асанова К.А. «Русский язык, уровень А2» 1-бөлім), жарық көрді. Авторлық куәлік берілген 1 электронды оқу құралы (Капашева Ж.К. «Қазақ тілі В1»), бірнеше онлайн курстары ( Жунусова А. К., Шарипова Ю. Ф., Дружинина Н. В., Хамитова Ш. А., Мұқатай А. Б. «Шет тілі А1»; «Шет тілі А2», Тилеубаев А.М. «Қазақстан тарихы», Қанатбаева А.Б. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», Жунусова А. К., Капашева Ж.К., Мырзаханова А.Т. «Вводный разговорный курс для иностранных студентов», Дружинина Н. В., Ахметгалина Н. С. «Английский язык для общения») әзірленген.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысы:

ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу;
ғылыми мақалалар, монографиялар дайындау және жариялау;
ғылыми іс-шаралар өткізу: оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер конференциялар;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасау.
Гылыми дәрежелері бар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

Гуменчук О.Н. – саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ғалым идентификаторы және профилі: ORCID ID 0009-0005-0312-5882.
Кафедраның ғылыми потенциалы:

Жалпы білім беру кафедрасында 1 ғылым кандидаты (Гуменчук О.Н..,с.ғ.к,.), 11 ғылым магистрі (Жунусова А.К.,п.ғ.м., Капашева Ж.К. .г.ғ.м., Дружинина Н.В., п.ғ.м., Хамитова Ш.А., г.ғ.м., Мукатай А.Б., ф.ғ.м., Ахметгалина Н.С., г.ғ.м., Асанова К.А.,ф.ғ.м., Канатбаева А.Б., қ.ғ.м. Жанабергенова Д.К., г.ғ.м, Тилеубаев А.М., г.ғ.м. ).

Кафедраның 3 оқытушысы 8D01100101 «Педагогика и психол.огия» (Капашева Ж.К.), 8D02306001 «Филология» (Хамитова Ш.А.), «8D02206 Дінтану» (Жанабергенова Д.К.) оқу бағдарламалары бойынша PhD бағдарламасын аяқтады.

Кафедра базасында ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу мақсатында 2023 жылдың қазан айынан бастап Құзыреттерді дамыту орталығы жұмыс істейді. Орталық М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде құрылды. Орталық келесі бағыттарда өз қызметін бастады:
- үздіксіз білім беру жағдайында техникалық бейіндегі жоғары білім беру ұйымдары оқытушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу;
- бірлескен монографиялар, әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар дайындау және жариялау;
- ғылыми-әдістемелік семинарлар, тренингтер мен конференциялар өткізу.

Сұрақ қою

KZ EN RU